Роберто Карлостың әйгілі айып соққысы қайталанды (видео)

Роберто Карлостың әйгілі айып соққысы қайталанды (видео)
Фото: vk.com

Малайзиялық футболшы Фаиз Субри Роберто Карлостың әйгілі айып соққысын қайталады. Бүгінде голдың бейнекөрсетілімі «Youtube» желісінде жарты миллионнан астам көрілім жинап үлгерген.

Фаиз Субри әйгілі бразилиялықтың голын дәл қайталамаса да, доптың ұшу бағыты сол голды еске салады. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары голдың соғылуына желдің көмегі тиді деп көп пікір білдірген.

Айта кетейік, Роберто Карлос әйгілі айып соққысын 1997 жылы Франция ұлттық құрамасының қақпасына соққан болатын. «CNN» бұл айып соққысын жылдың үздік голы ретінде таныған еді.

О. Сансызбай