Жейделері ең көп сатылатын футбол клубтары

Жейделері ең көп сатылатын футбол клубтары
Фото: les-transferts.com

Танымал клубтардың қаржы қорына түсетін ақшаның бір көзі – жейделерінің (форма) сатылымы. Бүгін назарларыңызға жейделері ең көп сатылатын Еуропадағы топ-клубтардың рейтингін ұсынамыз. Бұл рейтингті АҚШ-тың «The Richest» басылымы түзіп отыр.

Әлемде ең көп сұранысқа ие – мадридтік «Реал» мен ағылшындық «Манчестер Юнайтед» жейделері. Екі клуб та жылына 1 400 000 жейдесін сатады екен. 2014 жылы қос клуб жейде сатудан 112 миллион еуро табысқа кенелген. Бұл рейтингтің үштігін каталондық «Барселона» қорытындылайды.

Ең көп сатылатын клуб жейделері

1. «Реал Мадрид» -1 400 000 жейде жылына

2. «Манчестер Юнайтед» - 1 400 000

3. «Барселона» - 1 150 000

4. «Челси» - 910 000

5. «Бавария» - 880 000

6. «Ливерпуль» - 810 000

7. «Арсенал» - 800 000

8. «Ювентус» - 480 000 

9. «Интер» - 425 000 

10. «Милан» - 350 000

О. Сансызбай