Ағылшын премьер-лигасында жейдесі ең көп сатылатын футболшылар анықталды

Ағылшын премьер-лигасында жейдесі ең көп сатылатын футболшылар анықталды

Футболдан ағылшын премьер-лигасында жейдесі ең көп сатылатын ойыншы – Анхель Ди Мария екен. Футболшы өткен жаздағы ауысым кезеңінде (трансфер) «Манчестер Юнайтед» сапын толықтырған болатын. Ал рейтинг «Sports Direct» мамандары жүргізген анықтау жұмыстары барысында түзіліпті.

Ағылшын премьер-лигасында жейдесі ең сатылатын футболшылар тізімінің екінші сатысына лондондық «Арсенал» шабуылшысы Алексис Санчес орналасқан. Үштікті екінші бір лондондық клуб «Челсидің» шабуылшысы Диего Коста қорытындылаған. Үш ойыншы да 2014 жылдың жазында Испания чемпионатынан алмасып келген болатын.

«Sports Direct» мамандары түзген рейтинг бойынша «Арсенал», «Челси», «Тоттенхем», «Ливерпуль», «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити» және «Ньюкасл» клубтарының атрибутикалары көптеп сатылады екен.  

Сурет: sport-xl.org

Ө. Сансызбай