Холли Холм мен Ронда Роузи жекпе-жегі (видео)

Австралияның Мельбурн қаласында өткен UFC 193 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Холли Холм отандасы Ронда Роузиді жеңіп, жеңіл салмақта «Ultimate Fighting Championship» чемпионы атанған болатын. Жекпе-жек соңынан Ронда Роузи ауруханаға жеткізілді.

Роузи мен Холмның жекпе-жегі екінші раундта аяқталды. 28 жастағы Ронда Роузи осыған дейін 12 жекпе-жегінде 12-ші жеңісіне қол жеткізген еді. Жекпе-жек соңынан Ронда Роузи тілшілерге сұхбат берген жоқ. Бірден медициналық көмек көрсету үшін ауруханаған жөнелтілді. Әзірге спортшының жарақаты қаншалықты деңгейде екені айтылған жоқ.

Айта кетейік, қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Ронда Роузиге жанкүйерлік танытқан болатын.