Интернетте Головкиннің жекпе-жек алдындағы жаттығуының видеосы пайда болды

Интернетте Головкиннің жекпе-жек алдындағы жаттығуының видеосы пайда болды
Фото: gazeta.kz

Интернетте Геннадий Головкиннің америкалық боксшы кіші Вилли Монромен жекпе-жегі алдындағы жаттығуының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнеролик боксшының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Айта кетейік, боксшылар арасындағы жекпе-жек 16 мамырда Ингливудтағы The Forum аренасында өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша 17 мамырда таңғы сағат 08.00-де басталады. "Қазақстан" телеарнасы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді.

М. Бисембаева