Футбол қызық болмағанда (видео)

Футбол қызық болмағанда (видео)

Әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі – футбол. Миллиондардың махаббатына айналған теңбіл доп тартысы қашан да қызықты. Бірақ, біреу үшін футболды қызықтаған, біреу үшін ойнаған, енді біреу үшін көрген де, ойнаған да қызықты. Ал кей жандар үшін мүлде қызықты емес.

Жанкүйерлер стадионға сүйікті командасының ойыны мен тартысты кездесуді тамашалау үшін барады. Бірақ, кездесуді тамашалауға барған сайын ойын тартысты өтіп, қызықты бола бермейді. Кейде жанкүйерлер іш пыстырарлық ойынды көруден шаршап, жан-жақтан қызық іздей бастайды. Қолды аспанға көтеріп, толқын тудырады, т.б. Осындай бір қызықты оқиға Румыния біріншілігінде орын алды. Бір топ жанкүйерлер қапталдағы төрешінің қимылын қайталап, өздерінше қызық іздейді. Тамашалап көріңіздер.

Сурет: kykyryzo.ru

О. Сансызбай