Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының сыйақысы жоғарылайды

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының сыйақысы жоғарылайды

Футболдан Еуропаның басты бәсекелерінің бірі – Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының сыйақысы алдағы маусымнан бастап жоғарылайтын болды. Бұл туралы УЕФА бас хатшысы Джанни Инфантино хабарлап отыр.

- Чемпиондар лигасының жүлде қоры 25 %-ға жоғарылайды. Қазір 380 миллион еуро болса, келер маусымнан бастап бұл додаға қатысушыларға 1,5 миллиард еуро таратылатын болады. Ал Еуропа лигасының жүлде қоры 380 миллион еуроны құрайды. Бұл сыйақылар алдағы үш маусымға жоспарланып отыр, - деген бас хатшы.

Джанни Инфентиноның айтуына қарағанда, сыйақы мөлшерінің жоғарғы нәтиже көрсеткен клубтарға берілуі - Еуропа клубтарының Стокгольмдегі мәжілісінде талқыланатын болады. 

Сурет: youtube.com

Оқи отырыңыз

Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)

"Барселона" футболшыларының жалақылары қанша?

Қытайлықтар футболды мектептің міндетті пәндері қатарына қоспақ

О. Сансызбай