Месси «instagram» желісінде 10 миллион жазылушы жинады

 Месси «instagram» желісінде 10 миллион жазылушы жинады

Аргентина ұлттық құрамасы мен каталондық «Барселона» ойыншысы Лионель Мессидің «instagram» желісіндегі жазылушыларының саны 10 миллионнан асты. Мұны ойыншының өзі де ерекше атап өтіпті.

Төрт рет «Алтын доп»иегері атанған футболшы 10 миллион жазылушыларының құрметіне арнайы жейде тіктіріп, оның артына өзі өнер көрсететін «10» саны мен «milliones» деп жаздырыпты. Сонымен қатар, барлық жазылушыларына рақметін жеткізген.

Айта кетейік, Лионель Месси «instagram» желісіндегі жазылушыларының саны бойынша үшінші орында келеді. Криштиану Роналдудың бұл әлеуметтік желідегі жеке парақшасына 12,2 миллион адам жазылса, Неймардың парақшасына 15,2 миллион адам жазылған екен.  

Сурет: si.com

Оқи отырыңыз

Ажалы Мессиді көруге жеткізбеді

«Adidas» компаниясы Мессидің «Барселонадан» кеткенін қолдайды

Футболдан Испания чемпионаты уақытша тоқтап қалуы мүмкін

Роналдудың баласы Мессимен танысты (видео)

Ө. Сансызбай