Бес жылдан кейін Месси Неймарға пенальти орындатты

Бес жылдан кейін Месси Неймарға пенальти орындатты

Испания кубогының жартылай финалындағы «Барселона» мен «Вильяреал» арасындағы ойында Месси пенальти орындауға өзінің командаласы Неймарға мүмкіндік берген екен. Бірақ каталондықтардың шабуылшысы допты қарсыластың қақпасына енгізе алмады.

Мұндай оқиға соңғы рет 2010 жылы орын алған. Ол уақытта Месси пенальти орындауда Златан Ибрагимовичке мүмкіндік берген болатын.

Каталондықтардың сапында бес жыл үзбей пенальти орындап келген Мессидің ендігі пенальтиін кімге және қай уақытта беретінін уақыт көрсететін болады.  

Сурет:panamericanworld.com

Оқи отырыңыз:

Месси «instagram» желісінде 10 миллион жазылушы жинады

"Барса" стадионы жаңаша аталуы мүмкін

Месси отбасымен шанамен сырғанаудың қызығына батты (видео)

B. ZHAQSYMBET