Роналдудың баласы Мессимен танысты (видео)

Роналдудың баласы Мессимен танысты (видео)

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдудың ұлы «Алтын доп» иегерін анықтайтын салтанатты кеште Лионель Мессидің алдынан шығып, қолын алды. Ал әкесі болса кішкентай баласының аргентиналық футболшыны жақсы танитынын, ол туралы жиі айтатынын мәлімдеді.

Испандық «AS» ақпараттық басылымының жеке сайтында жарияланған бейнебаянда Криштиану Роналдудың ұлы жұртшылық алдында Мессидің қолын алуға барған. Ал «Барселона» ойыншысы да басынан сипап, жылы қабақ танытқан. Португалдық футболшы болса баласының ол туралы көп білетінін, ойындарын көретінін айтқан көрінеді.

Айта кетейік, Роналдудың ұлы 2010 жылы дүниеге келген. Өткен жылғы бір сұқбатында, футболшы суррогат анадан туған ұлын «анаң дүние салып кеткен» деп алдап жүргенін мәлімдеген болатын.  

Cурет: fifa.com

О. Сансызбай