«KazSport» комментаторы болуға асығыңыз!

«KazSport» комментаторы болуға асығыңыз!

Еліміздегі бірден-бір спорттық сайыстардан хабар тарататын «KazSport» телеарнасы комментаторларға кастинг жариялады. Бұл туралы ресми сайтында хабарлап отыр.

Кастингке спорттан жан-жақты хабары бар, сөзге ұста тілшілер мен өзге де ниет білдірушілер қатыса алады. Байқау 4-ақпан күні сағат 14:00 мен 17:00 аралығында Астана қаласындағы «ҚазМедиаОрталығында» өтеді. Алдын-ала өз түйіндемелеріңізді askha04@gmail.com электронды мекен-жайына жолдауларыңыз қажет. Түйіндемесіз кастингке қатыса алмайсыз. Сонымен қатар, жеке куәліктеріңізді алып бару міндетті. Спорт комментаторы болу – арманыңыз болса, неге бағыңызды сынап көрмеске?!

Естеріңізге сала кетсек, «KazSport» телеарнасы 2013 жылдың 1-шілдесінде құрылған болатын. Телеарнада көрсетілетін хабарлардың 70%-ы тікелей трансляциялардан тұрады. Ақпараттардың 20%-ы жаңалықтармен толықса, 10%-ын деректі фильмдер қамтиды. Ақпарат - мемлекеттік және ресми тілдерде тең дәрежеде таратылып келеді. Әлемдегі ірі спорт жарыстары мен еліміздің спортшылары бақ сынайтын додалар телеарна назарынан тыс қалып жүрген жоқ. Сонымен қатар, 2014/2015 жылғы маусымдағы ағылшын премьер-лигасы да тікелей эфирде көрсетіліп келеді. 

Сурет: өңделген

Оқи отырыңыз

Денис Тен өлең жазатынын айтты

Катар елі әлем чемпионаты кезінде алкогольді ішімдіктер сататын болды

2015 жылы спорттық мансабын аяқтағалы жүрген футболшылар

Мырзағали Айтжанов Венгрияда бақ сынайтын боксшылар есімін атады

О. Сансызбай