«Алтын доп» Усейн Болтты да азғырды ма?

«Алтын доп» Усейн Болтты да азғырды ма?

Жеңіл атлетикадан алты дүркін Олимпиада чемпионы Усейн Болт футболдан әлемнің ең мықты он бір ойыншысын өз бетінше топтастырды.

Болт топтастырған құрамада «Алтын допты» төрт рет жеңіп алған Месси де, биылғы жылы үздік деп танылған Роналду да көрінбейді. 

Бір қызығы, Усейн Болт әлемнің үздік құрамасына өзін де жартылай қорғаушы ретінде кіргізген екен. Сонымен желаяқ спортшының жасаған қорытындысына көз жүгіртіп көрсек:

Қақпашы: Давид де Хеа («Манчестер Юнайтед»).
Қорғаушылар: Диего Годин («Атлетико»), Данте («Бавария»), Гаэль Клиши («Арсенал»), Неманья Видич («Интер»).
Жартылай қорғаушылар: Майкл Кэррик («Манчестер Юнайтед»), Яя Туре («Манчестер Сити»), Сеск Фабрегас («Челси») және Усейн Болт. 
Шабуылшылар: Радамель Фалькао («Манчестер Юнайтед»), Серхио Агуэро («Манчестер Сити»).   

Сурет: figureskating.su

B. ZHAQSYMBET