Мессидің Чемпиондар лигасында соққан барлық голы

Мессидің Чемпиондар лигасында соққан барлық голы

Чемпиондар лигасының төртінші тур ойындары қорытындысы бойынша, каталондық «Барселона» футболшысы Лионель Месси осы турнир тарихындағы ең үздік сұрмерген атағына қадам жасаған еді. Осыған дейін Раульға тиесілі болып келген рекордты қайталап, Еуропаның басты бәсекесінің тарихындағы 71-ші голын соққан-ды.

Аргентиналық сұрмерген Рауль алдына түсті десек қателеспейміз. Өйткені, испандық шабуылшы 142 кездесуде 71 гол соқса, Месси үшін 90 ойын жеткілікті болды. Расында да енді Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік сұрмерген атағына Роналду мен Месси таласары сөзсіз. Соңғы нәтиже бойынша португалиялық ойыншының иелігінде 70 гол бар. Ал алаңға 107 рет шыққан.

Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені атағы – футболшылардың топтық кезеңнен финалға дейінгі аралықта соққан голдары арқылы анықталады. Іріктеу кезеңінде соққан голдары есепке алынбайды. Егер осыған дейінгі іріктеу кезеңімен қоса соққан голдар көрсеткішімен алар болсақ, Рауль 77 голмен көш бастайды. Криштиану Роналдуда 73 гол болса, Мессиде бұл көрсеткіш бойынша бір гол кем екен.

Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік сұрмергендер:

71 гол - Лионель Месси («Барселона») 

71 гол - Рауль Гонсалес («Реал», «Шальке»)

70 гол - Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед», «Реал»)

56 гол - Рууд ван Нистелрой (ПСВ, «Манчестер Юнайтед», «Реал»)

50 гол - Тьерри Анри («Монако», «Арсенал», «Барселона»)

48 гол - Андрей Шевченко («Динамо» Киев, «Милан», «Челси»)

46 гол - Филиппо Индзаги («Ювентус», «Милан»)

43 гол - Дидье Дрогба («Марсель», «Галатасарай», «Челси»)

42 гол - Алессандро Дель Пьеро («Ювентус»)

41 гол - Карим Бензема («Лион», «Реал»)

41 гол - Златан Ибрагимович («Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «Милан», «Пари Сен-Жермен»)

33 гол - Фернандо Морьентес («Реал», «Монако», «Ливерпуль», «Валенсия»)

30 гол - Самюэль Это'о («Мальорка», «Барселона», «Интер», «Челси»)

30 гол - Кака («Реал», «Милан»)

Сурет:worldfootball.net

О. Сансызбай