Соңғы 10 жылда ең көп қаржы жұмсаған клубтар

Соңғы 10 жылда ең көп қаржы жұмсаған клубтар

Соңғы 10 жылда ойыншылар сатып алу үшін ең көп қаржы жұмсаған футбол клубтарының рейтингі белгілі болды. Назарларыңызға алғашқы ондықты ұсынамыз.

Бұл рейтингте көшті ағылшындық «Манчестер Сити» командасы бастап тұр. Олар бұл уақыт аралығында 619 миллион фунт стерлинг жұмсаған. Екінші орынға мадридтік «Реал» жайғасқан. «Корольдік клуб» соңғы 10 жылда 515 миллион фунт стерлингке шығындалған. Ал үштікті Роман Абрамович командасы «Челси» қорытындылап отыр. Олар 396 миллион фунт стерлингке шығындалған.

Соңғы 10 жылда ең көп қаржы жұмсаған клубтар рейтингі:

1.«Манчестер Сити» – 619 миллион фунт стерлинг
2. «Реал» – 515
3. «Челси» – 396.6
4. «ПСЖ» – 378
5. «Манчестер Юнайтед» – 344.8
6. «Барселона» – 336.4
7. «Ливерпуль» – 258
8. «Бавария» – 250.6
9. «Зенит» – 217.8
10.«Наполи» – 182.4

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: sports.ru

О. Сансызбай