Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / «Вильярреал» қатерлі ісік ауруына шалдыққан баланы құрамында ойнатты

«Вильярреал» қатерлі ісік ауруына шалдыққан баланы құрамында ойнатты

«Вильярреал» қатерлі ісік ауруына шалдыққан баланы құрамында ойнатты

Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде елордалық «Астананы» жарыс жолынан шығарған испандық «Вильярреал» футбол клубы қатерлі ісік ауруына шалдыққан 13 жастағы баланы «Селтикпен» өткен жолдастық кездесуге алып шықты.

Ауруханада жатқан Гохан медбикеге өзінің «Вильярреал» сапында өнер көрсеткісі келетінін айтқан. Жанкүйерлер алдында гол соғып, қолдауына ие болу ұлы арманы екенін жеткізген. Жас жанкүйердің арманын орындау үшін қатерлі ісік ауруымен ауыратын жас жеткіншектерді қадағалайтын қайырымдылық қоры көмек қолын созған. «Сүңгуірлер» ұжымы да бұл игі іске қарсы болмапты. Киім ауыстыратын бөлмеде Гоханға арнайы «12»-ші нөмірлі жейде ұсынылып, футболшылармен тілдесу бақыты бұйырған. Алаңға шыққан жас жеткіншек ойынның алғашқы минутында гол соғып, жанкүйерлер қолдауымен өз орнын босатқан. Жанкүйерлер де клубтың дәл осындай қадамға барып, игі іске мұрындық болуын үлкен қошеметпен қабыл алды. Ал ойын 4:2 есебімен "Эль-мадригал" қожайындарының пайдасына шешілді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:goal.net.ua

Қосылған күні: 05 қыркүйек 2014, 19:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.