Футбол жұлдыздары мультфильм кейіпкерлеріне айналды

Футбол жұлдыздары мультфильм кейіпкерлеріне айналды

Спорттық киім-кешекпен жабдықтаушы Nike компаниясы Әлем чемпионатының басталуы алдында «Соңғы ойын» атты қысқаметражды анимациялық фильм түсіріп шығарды. Мультфильм Youtube-тің ресми каналына орналастырылған.

Мультфильм қаһармандарының қатарында Криштиану Роналду, Уэйн Руни, Франк Рибери, Златан Ибрагимович, Неймар, Давид Луис, Андрес Иньеста сынды футбол жұлдыздары бар. Бас бапкердің рөлінде бұрынғы үздік шабуылшы Роналдо ойнайды. Бұл мультфильмде Роналдо шынайы футбол рухын құтқарушы адам ретінде бой көрсетеді.

Ендеше мультфильмге назар салайық:

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: lenta.ru

Ш. Талап