Әлемдік футбол жұлдыздары «жатғаламшарлықтардан» жеңілуде...

Әлемдік футбол жұлдыздары «жатғаламшарлықтардан» жеңілуде...

«Samsung» компаниясы әлем футболының жұлдыздарының басын тоғыстырған екінші жарнамасының жалғасын ұсынды. «Футбол – әлемді құтқарады» деген ұстанымда ұсынылған жарнамада әлемдік футбол жұлдыздары түзде бірінші тайм қорытындысы бойынша «жатғаламшарлықтардан» 3:1 есебімен ұтылуда.

7 минут 11 секундты құрайтын жарнамада Франц Беккенбауэр шәкірттері «жатғаламшарлықтардың» алаңына ойнауға барады. Алғашқы тайм нәтижесі бойынша 3:1 есебімен ұтылуда. Әлемдік футбол жұлдыздары қатарынан Лионель Месси гол соқса, Криштиану Роналду бірнеше рет қауіпті сәттер тудырды. Екінші тайммен жарнама жақын арада жалғасын табатын болады.

Жылына жарнама үшін ең көп қаржы жұмсайтын оңтүстік кореялық компания бұл жарнаманың басын 2013 жылдың соңына қарай түсірген болатын. Ала допты ұршықша иірген футболшылардан құралған «Galaxy 11» командасын құру үшін «Samsung» аз шығындалды деп айта алмаймыз. Сонда да сапалы жасалған дүние компанияны танымалдылыққа ұмтылдыра білді.

Команда жасақтау. 2013 жыл. 17 желтоқсан


 Дайындық. 2014 жыл. 13 мамыр

Бірінші тайм. 2014 жыл. 9 маусым


Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

О. Сансызбай