Кэхилл: «Бәріміз FIFA 14 ойнаймыз»

Кэхилл: «Бәріміз FIFA 14 ойнаймыз»

Лондондық «Челси» командасының қорғаушысы Гари Кэхилл өзінің жасыл алаңмен қатар FIFA 14 компьютерлік ойынын да шебер ойнайтынын жеткізді.

– Біз барлығымыз команда болып FIFA 14 ойнаймыз. Мен көбіне интернет арқылы Дэнни Сттариджбен ойнағанды ұнатамын. Ол ойнауды жақсы меңгерген. Уэйн Руни де жаман ойнамайды. Біз әрқайсымыз әртүрлі команданы таңдаймыз. Бірақ көбісі «Челсимен» ойнағанды қалайды. Бұл ойын біздің жасыл алаңдағы шеберлігімізді арттыру жолында жаттығу жасауымызға да өз септігін тигізеді,  – деді қорғаушы.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

О. Сансызбай