Тьерри Анри: «Озилмен бір командада ойнағым келеді»

Тьерри Анри: «Озилмен бір командада ойнағым келеді»

Лондондық «Арсенал» командасының бұрынғы даңқты шабуылшыларының бірі – Тьерри Анри қазіргі таңда «канонирлермен» бірге жаттығу жасап жүр. Ол кеше Sky Sports арнасына берген сұхбатында, Озилмен бір командада ойнағысы келетінін жеткізді.

- Мен Озилмен бір командада ойнағым келеді. Оның ойыны Робер Пиреске ұқсайды. Ол керек сәтінде командаласына сәтті пастар шығарады. Осы маусымдағы «Арсеналдың» жеңістері осы жартылай қорғаушының арқасында десем болады – деді футболшы.

Естеріңізге сала кетсек, ағылшын премьер-лигасында 12 кездесу өткізген Месут Озил 4 гол соғып, 6 нәтижелі пасымен ерекшеленіп үлгерді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

О. Сансызбай