Кисслингтың күтпеген голы дау тудырды

Кисслингтың күтпеген голы дау тудырды

Бундеслиганың ІХ турында кездескен "Хоффенхайм" футбол клубы "Байермен" қайта кездесу өткізуді талап етуде. Ал сол кездесудің бас төрешісі Феликс Брыхтың қателігін бүгінде бүкіл әлем тамашалап  үлгерді.

"Хоффенхайм" футбол клубының басшылығы неміс футбол қауымдастығының алдында дәлелі мен арызын алға тартып, кездесуді қайта өткізуді сұрауда. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлап отыр.

Естеріңізге сала кететін болсақ, леверкузендік "Байер" ІХ турдағы кездесуде алаң иелерін 2:1 есебімен жеңген. Алайда қонақтар сапынан Штефан Кисслингтың соққан голы қақпа торының жыртылған тұсынан енген болатын. Ал бас қазы мұны назарға алмай, голды есептеген еді. Футболда сирек кездесетін мұндай жайтқа, алдағы уақытта неміс футбол қауымдастығы өз шешімін шығаратын болады.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport-xl.net

О. Сансызбай