"Реал" "Манчестер Юнайтедті" басып озды

«Forbes» журналы әлемдегі ең бай клубтардың кезекті тізімін жариялады. Бұл жолы атақты мадридтік «Реал» командасы көш басына шықты. Осыған дейін үш жыл бойы алғашқы орынды бермей келген ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубының рекордын бұзған ұжымның қаржы қоры 3,3 миллиард долларды құрап отыр. «Корольдік клуб» соңғы жылдары ең көп табысқа кенелген. 2011/2012 жылы команда 650 миллион доллар табыс тауып, соңғы үш жылда клубтың жалпы ақшалай түсімі 62 пайызға жоғарылаған.

Әлемдегі ең бай командалардың тізімінде екінші сатыға сырғыған «қызыл сойқандардың» еншісінде 3,165 миллиард доллар болса, алғашқы үштікті каталондық «Барселона» түйіндеп тұр. Бұл ұжымның қаржы қорында 2,6 миллард доллар бар екен. Ал 2012/2013 маусымдағы чемпиондар лигасының жеңімпазы мюнхендік «Баварияның» қаржы қоры 1,309 миллард долларды құрап, тізімнің 5 сатысына жайғасқан.

Назарларыңызға алғашқы ондыққа енген клубтарды ұсынып отырмыз:

1. "Реал" (Испания) - 3,3 миллиард доллар,
2. "Манчестер Юнайтед" (Англия) - 3,165 миллиард доллар,
3. "Барселона" (Испания) - 2,6 миллиард доллар,
4. "Арсенал" (Англия) - 1,326 миллиард доллар,
5. "Бавария" (Германия) - 1,309 миллиард доллар,
6. "Милан" (Италия) - 0,945 миллиард доллар,
7. "Челси" (Англия) - 0,901 миллиард доллар,
8. "Ювентус" (Италия) - 0,694 миллиард доллар,
9. "Манчестер Сити" (Англия) - 0,689 миллиард доллар,
10. "Ливерпуль" (Англия) - 0,651 миллиард доллар.

 сурет: realmadrid.ru

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Әлемдегі ең қауіпті елдер
Әлемдегі ең қауіпті елдер