"Барса" Давид Луис үшін 30 миллион фунт ұсынуда

Daily Mail  басылымының хабарлауынша, «Барселона» жетекшілері «Челси» қорғаушысы Давид Луиске 30 миллион фунт ұсынуда.

Жаз бойы «ақсүйектердің» жаңа бапкері Жозе Моуриньо Луистің көмегімен бас тартуға дайын екендігі жайлы сыбыстар тараған болатын. Алайда, мұның шын-өтірігі әлі де белгісіз, себебі Давид Конфедерация Кубогіндегі жеңісінен соң демалыста болғандықтан, өзінің жаңа бапкерімен тілдесіп үлгерген жоқ.

Ақпарат көзіне сенер болсақ, каталондық клуб бразилиялық ойыншыны команда капитаны Карлес Пуйольдің алмастырушысы ретінде көріп отырған сыңайлы.

Алайда, «Барса» ұсынған 30 миллион фунттан «Челси» бас тартыпты. Дей тұрғанмен «Челси» өз қорғаушылыраның сатылымын жоққа шығармайды – оларды ұсынылған баға қанағаттандырмаған.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: football-life-f-cam.blogspot.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тарихтағы ең ірі галактикалар қақтығысы
Тарихтағы ең ірі галактикалар қақтығысы
Темекіні тастауға итермелейтін 12 дерек
Темекіні тастауға итермелейтін 12 дерек
Сіз туралы әтір сөйлесін
Сіз туралы әтір сөйлесін
НУ ғалымдары "ұйқы ауруына" шалдыққан Калачи ауылының құпиясын ашуға жақын
НУ ғалымдары "ұйқы ауруына" шалдыққан Калачи ауылының құпиясын ашуға жақын
"Барымташылар. Уақыт жолы" фильмі Францияда көрсетіледі
"Барымташылар. Уақыт жолы" фильмі Францияда көрсетіледі
Қазақстандағы ірі кітапханалар
Қазақстандағы ірі кітапханалар