"Барса" Тьяго үшін 32 миллион евро ұсынып отыр

"Барса" Тьяго үшін 32 миллион евро ұсынып отыр

«Барселона» клубы әлі де «Пари Сен-Жермен» және Бразилия құрамасының қорғаушысы Тьяго Силваны иемденуге әрекет етуде, деп хабарлайды Catalunya Radio.

Ақпарат көзіне сенер болсақ, каталондық клуб 28 жастағы ойыншыға шамамен 32 миллион евроға шығындалуға дайын.

Сильваны сатып алуға қажетті қаражатты Давид Вильяны «Тоттенхэмге» (15 миллион) және Тьяго Алькантараны «МЮ»-ге (18 миллион) сату арқылы таппақ.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жазда «ПСЖ» Сильваны «Миланнан» 42 миллион евроға сатып алған болатын. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: footballtop.ru

Ж. FM