Конфедерация Кубогы. Серхио Рамос: "Испания құрамасы - машина емес"

Конфедерация Кубогы. Серхио Рамос: "Испания құрамасы - машина емес"

Бразилия құрамасы биылғы жылы да Конфедерация Кубогындағы үздік құрама екендігін дәлелдей білді. Олар финалда испандықтарды 3:0 есебімен жерге қаратқанын айтқан болатынбыз. 

Матчта Фред дубльмен көзге түссе, қазіргі Еуропа чемпиондарының қақпасына бір допты Неймар тоғытты. Айта кету керек, 3:0 есебімен жеңіліп жатқанда Серхио Рамос Бразилия қақпасына пенальти тебуде қателік жасап, есеп аша алған жоқ. 

Матч ақталғаннан соң, Рамос былай деп сұхбат берген екен: "Біз осыған дейін бірнеше турнирде жеңімпаз атандық. Алайда қателесетін кез де болады. Испания құрамасы - машина емес. Біздің ұялатын ешнәрсеміз жоқ, себебі алаңда еш аянып қалған жоқпыз. Матч басталысымен жылдам гол жіберіп алдық, содан бастап ойынымыз оңалмай қойды. Біз Бразилияны шын жүректен құттықтауымыз керек. Себебі олар Испаниямен қалай ойнау керектігін көрсетті". 

Турнирдің үшінші орыны Италияға бұйырғанын да айта кетейік. Олар пенальти қорытындысы бойынша 3:2 есебімен Уругвайды ұтып, қола жүлдегер атанды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: laprensa.hn

Б. Қосмағамбет