Испания 28 жылдан бері тұңғыш рет 3 доп айырмашылығымен ұтылды

Испания 28 жылдан бері тұңғыш рет 3 доп айырмашылығымен ұтылды

Футболдан Испания ұлттық құрамасы Конфедерация Кубогының финалында Бразилияға үлкен есеппен (3:0) жол берген болатын. Осылайша үш доп айырмашылығымен Испания 28 жылдан бері тұңғыш рет жеңіліп отыр екен. 

Oсыған дейін хабарлағанымыздай, бразилиялықтар өз алаңында Испанияны 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, төртінші мәрте және қатарынан үшінші рет Конфедерация Кубогын жеңіп алған еді. Бұл көрсеткіш турнирдің рекорды болып саналады.

Сонымен "қызыл фуриялар" үш доппен 1985 жылдың сәуір айынан бері бірінші рет ұтылып отыр. Ол кезде олар әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Уэльс құрамасына 0:3 есебімен жол берген еді. 

Одан бөлек бұл финалда испандықтардың қатарынан 29 матчқа жалғасқан жеңісті сериясы да аяқталды. Висенте Дель Боске шәкірттері ең соңғы рет ресми ойындарда 2010 жылдың 16-маусымында болған Швейцаряға қарсы матчта 0:1 есебімен жеңіліске ұшыраған болатын.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ©AFP

Б. Қосмағамбет