ФИФА агенті: "Реал" Гарет Бэйлді иеленді

ФИФА агенті: "Реал" Гарет Бэйлді иеленді

ФИФА агенті Франсуа Гальярдо мадридтік «Реал» «Тоттенхэммен» Гарет Бэйлдің трансферлік ауысымына байланысты келісімге келгенін мәлімдеді.

«Келісім ағымдағы аптаның соңында жасалды, бірақ «Реал» ресми түрде жариялауды кейінге қалдырғысы келіп отыр, себебі алдымен бас бапкер мәселесін шешіп алу қажет. Бэйл «Реалдың» ойыншысы болды» - дейді Гальярдо Intereconomia-ға берген сұхбатында.

БАҚ өкілдеріндегі ақпарат расталса, онда мадридтіктер аталған футболшыға шамамен 90 миллион евро ұсынады. Бұл, өз кезегінде, әлемдік футбол тарихындағы ең қымбат екінші трансферлік ауысым болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын дәл осы испандық клуб португалдық футболшы - Криштану Роналдуға 100 миллион төлеген болатын.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: yvision.kz

А. Құлтай