Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / "Барселона" Неймардың қатарға қосылғанын ресми мәлімдеді

"Барселона" Неймардың қатарға қосылғанын ресми мәлімдеді

Соңғы кезде футбол әлеміндегі ең танымал есімдердің бірі Неймар ақыры каталониялық "Барселонаға" ауысатын болды. Біз сіздерге осыған дейін де талантты ойыншы мен каталониялық клубтың арасында келісім жүріп жатқанын жазған едік. Енді міне, арада біраз уақыт өткеннен соң, "Барселона" клубы "Сантостың" шабуылшысы Неймардың өз қатарына өтуі жөнінде нақты келісімге келгенін мәлімдеді. 

Сонымен, 21 жасар Бразилияның форварды клубпен бес жылдық келісімге отырған. Бұл туралы каталониялық клубтың ресми сайты хабарлады. Футболшының өзі де бұл ақпаратты растап отыр. "Мен дүйсенбіге дейін шыдай алар емеспін. Менің жанұям мен достарымның бәрі де шешімімді біліп отыр. Енді оны құпия сақтаудың не керегі бар? Дүйсенді күні мен "Барселонамен" ресми келісім-шартқа қол қоямын",-деп жазды өз туиттерінде Неймар. 

Шабуылшы сондай-ақ өзінің "Сантос" сапындағы ең соңғы матчын бүгін, 26-мамырда "Фламенгоға" қарсы өткізетінін айтты. Ал "Барса" құрамына ол Бразилиямен бірге Конфедерация-2013 Кубогына қатысқаннан кейін қосылады. Оған дейін кейбір баспасөздер ойыншының трансфері клуб үшін 50 миллион еуроға түскенін жазған еді. Ал Неймардың өзі болса "Барсадан" жылына 7 миллион еуро алатын болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vk.com

1238 5
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 26 мамыр 2013, 14:54
Пікірлер
+0
26 мамыр 2013, 15:23

Ал бала, акыры келипсин, корсет енди онеринди

+0
26 мамыр 2013, 15:29

менің ойым - Неймар еуропалық ойынға ілесе алмайды

+0
26 мамыр 2013, 16:13

Еуропада тәлім алсын!

+0
26 мамыр 2013, 16:21

О жақсы болды!Қашан келеді деп күтіп жүр едім!!!

+0
30 мамыр 2013, 18:00

Месси мен Неймарды айырса екен Роналду!!!!!!! :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев