Гарет Бэйл ағылшын біріншілігінің үздік ойыншысы атанды

Гарет Бэйл ағылшын біріншілігінің үздік ойыншысы атанды

Лондондық “Тоттенхэм” командасының жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл Ұлыбритания футбол қауымдастығының сауалнамасы бойынша, Англияның үздік ойыншысы атанды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша, Бэйл, Майкл Кэррик (Манчестер Юнайтед), Эден Азар, Хуан Мата (Челси), сондай-ақ, ағылшын біріншілігінің үздік сұрмергені Робин ван Персидан (Манчестер Юнайтед) озған.

23 жасар ойыншы бұл марапатты өзінің спорттық ғұмырында осымен екінші мәрте жеңіп отыр. 2010/11 жылғы маусымда да Гарет өзінің әріптестерінің дауыс беру қорытындысы бойынша, маусымның үздік ойыншысы атанған болатын. Сонымен қатар, Бэйл 2012/13 жылғы ағылшын біріншілігінің ең үздік жас ойыншысы атағын да жеңіп отыр. Осылайша маусым қорытындысы бойынша, Бэйл үздіктерге берілетін екі номинацияны да жеңді. Мұндай атақты 2006/07 жылғы маусымда сол кездері «Манчестер Юнайтедтің» намысын қорғаған Криштиану Роналду жеңіп алған болатын.

«Мен үшін бұл – өмірімдегі ең қуанышты сәттердің бірі. Маған дауыс берген барша футболшыларға алғысымды білдіремін. Бұл екі бірдей атақты командаластарымсыз жеңе алмас едім. Сондықтан да әріптестеріме де алғысымды білдіргім келеді», - деді Бэйл «Тоттенхэм» командасының ресми сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұл маусымда жартылай қорғаушы ағылшын біріншілігінде 29 кездесуге қатысып, 19 нәтижелі соққымен көзге түскен. Және алты нәтижелі пастың авторы атанған.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН