Бразилия Коста-Рика құрамасын соңғы минутта сан соқтырды

Бразилия Коста-Рика құрамасын соңғы минутта сан соқтырды
Фото: vk.com

Футболдан Бразилия ұлттық құрамасы Коста-Риканы қосымша уақытта ұтып кетті. Пентакампеондарға жеңіс сыйлаған голдарды Филиппе Коутиньо мен Неймар соқты.

90 минут бойы 0:0 есебін сақтап тұрған коста-рикалықтар тең есепті сақтап қала алмады. Кейлор Навас бірнеше рет дәл соққыларды қайтарғанмен, соңғы минутта бразилиялықтардың басымдығы артып кетті. Алдымен Филиппе Коутиньо, кейіннен Неймар гол соқты.

78 минутта бас төреші Берн Куйперс пенальти белгілеген еді. Видеоқайталауды қарап, өз шешімін өзгертті.

Бұл топтағы Сербия мен Швейцария құрамалары арасындағы ойын Астана уақытымен сағат түнгі 00:00-де басталады.

Ө. Сансызбай