Шведтер Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен ұтты

Шведтер Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен ұтты
Фото: vk.com

"F" тобындағы екінші ойында Швеция құрамасы Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен ұтты. Ойындағы жалғыз пенальтиден соғылды.

Екі құрама арасындағы ойын Нижний Новгородта өтті. Бірінші таймда 0:0 есебімен тең тарқасқан құрамалар екінші таймда гол соғуға асықты.

64 минутта кәріс жартылай қорғаушысы Ким Мин У өз айып алаңында хавбек Виктор Классонға қарсы ойын ережесін бұзды. Басында бас төреші Хоэль Агильяр пенальти белгілеген жоқ. Видеоқайталауды қарау нәтижесінде пенальти болады деп шешім қабылдады.

11 метрлік айып соққысынан Андреас Гранквист мүлт кеткен жоқ. Бұл гол шведтерге жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, кеше бұл топта Мексика құрамасы Германияны 1:0 есебімен ұтқан болатын.

О. Сансызбай