Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Әлем чемпионаты - 2018 / Нурмагомедов пен МакГрегор қашан жекпе-жекке шығатыны белгілі болды

Нурмагомедов пен МакГрегор қашан жекпе-жекке шығатыны белгілі болды

Нурмагомедов пен МакГрегор қашан жекпе-жекке шығатыны белгілі болды

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық спортшы Конор МакГрегор 6 қазан күні өзара жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы ресейлік спортшының әкесі Абдулманап хабарлады.

Қос спортшы Лас-Вегаста өтетін UFC 229 кешінің басты жекпе-жегінде кездесуі мүмкін.

- Жекпе-жек 6 қазанға жоспарлануда. Қазір айтуға ерте, әйткенмен келіссөздер аяқталып келеді. Әзірге Конормен. Алдағы жоспарда төрт кездесу бар. Конор, Тони Фергюсон, Сен-Пьер және жартылай орта салмақ чемпионымен, - деді Абдулманап телеарна бағдарламасында.

Осыған дейін Хабиб Нурмагомедов 6 қазанда жекпе-жек өткізетіні жайлы айтып қалған болатын. Осы күні өзі чемпиондық атағын алғаш рет қорғайтын болады.

Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2016 жылдан бері UFC жарыстарына қатысқан жоқ. Оған дейін 21 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте ұтылған.

Фото: Sportbox
Қосылған күні: 17 маусым 2018, 00:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.