"Түсінемін". Рахмонов Головкинге қатысты шындықты айтты

"Түсінемін". Рахмонов Головкинге қатысты шындықты айтты

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов боксшы Геннадий Головкин неге көпшілікпен кездеспейтінін түсінетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшының сөзінше, күнделікті жаттығу адамды шаршатады.

"Головкинді түсінемін, әрдайым жаттығу жасау керек болғанда шаршайсың, психологиялық түрде де тынығу керек. Арнайы барып, біреумен сөйлесу, суретке түсу, сұраққа жауап беру - қиын. Бұл күшіңді алып қояды. Онсыз да жаттығудан шаршап келесің. Әрине, жанкүйерлерді де түсінемін, бірақ жауап беруге әрдайым күш бола бермейді", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова