"Сәпиевпен төбелескен балуан оқудан шыққан": колледж өкілі пікір білдірді

"Сәпиевпен төбелескен балуан оқудан шыққан": колледж өкілі пікір білдірді

Әлеуметтік желіде Серік Сәпиев пен балуанның төбелесіне қатысты тағы бір дерек шыққан еді. Бұл туралы танымал қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова айтты. Ол ММА балуаны Зелімхан Мұсиханов колледжден шығарылғанын мәлімдеді. Зелімхан Мұсиханов білім алып жатқан Қазақ дене шынықтыру, туризм және сервис колледжі өкілі осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақ дене шынықтыру, туризм және сервис колледжі өкілінің айтуынша, Зелімхан Мұсихановтың оқудан шығарылуына қатысты мәселе болмаған.

"Оқудан шығарылған жоқ. Ешқандай мәселе туындамады. Бізде оқиды. Ол - 3 курс студенті. Соңғы жылы. Мамандығы - дене тәрбиесі мұғалімі. Қазір іс-тәжірибесінде", - деді колледж өкілі.

Еске салайық, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды. Балуан Зелімхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалған, кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.

Алайда олар кейінірек киім ауыстыратын бөлмеде тағы дауласқан. Sever-Yug командасының балуаны Зелімхан Мұсихановтың жаттықтырушысы Александр Гольцман болған жанжалға қатысты пікірін айтқан болатын. Бұл оқиғаға қатысты Серік Сәпиев те пікір білдірген еді. 

Сондай-ақ, бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен төбелесіп қалған ММА балуаны Зелімхан Мұсиханов колледжден шығарылғаны туралы ақпарат тарады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ж. Қадыржанова