Жұмағұлов UFC-де келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіні белгілі болды

Жұмағұлов UFC-де келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіні белгілі болды
Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-де келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы америкалық Нейт Манес болады. Олардың жекпе-жегі 5 мамырда Ньюаркте (Нью-Джерси, АҚШ) UFC 288 турнирі аясында өтеді.

Айта кетейік, Манес ММА-да 17 жекпе-жек өткізіп, 14 жеңіске жетті. Ал Жұмағұлов UFC-дегі алты жекпе-жекте бір жеңіске жетіп, бес жеңіліске ұшырады. Жалғас үшін бұл UFC келісімшарты бойынша соңғы жекпе-жек болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова