Полиция қызметкері Шавкат Рахмоновты UFC-дегі жеңісінен кейін "ұстады"

Полиция қызметкері Шавкат Рахмоновты UFC-дегі жеңісінен кейін "ұстады"
Фото: ©Вестник MMA

Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді жеңген қазақстандық боксшы Шавкат Рахмоновтың танымалдығы артты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жанкүйерлер қазақстандықпен суретке түсу үшін оны әр жерден тоқтата бастаған. Шавкатты естелік сурет үшін "ұстаған" полиция қызметкерлерінің бірі оның жанкүйері  болып шықты. Рахмонов ешкімнің өтінішінен бас тартпады:

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DAR PRO TEAM (@darteam.kazakhstan)

Еске салайық, Рахмонов үшінші раундта Нілді тұншықтыру әдісі арқылы жеңіске жеткен еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек