Роналдудың хет-тригі "Аль Насрға" жеңіс әкелді

Роналдудың хет-тригі "Аль Насрға" жеңіс әкелді
Фото: facebook.com/alnassrfcofficial

"Дамак" өз алаңында "Аль-Насрды" қабылдаған Сауд Арабиясы чемпионатының 18-ші турының ойыны аяқталды. Қонақтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

17-минутта алаң иелеріне қарсы пенальти белгіленіп, оны Криштиану Роналду сәтті орындады. Арада бес минут өткенде португал шабуылшысы тағы да мергендігімен көзге түсті. 44-минутта үшінші рет гол соғып, хет-трик авторы атанды.

Айта кетейік, Роналду "Аль Насрға" қысқы трансферлік терезеде ауысты. Ойыншы 2022/2023 маусымын "Манчестер Юнайтедте" бастады, бірақ кейін басшылық пен жаттықтырушымен жанжалға байланысты клубтан кетті. Бұл клубта Роналду 5 ойында 8 гол соғып, 2 нәтижелі пас шығарған.

"Аль-Наср" биылғы маусымда Сауд Арабиясы чемпионатында 18 кездесуде 43 ұпай жинады. Клуб турнирлік кестеде көш бастап, екінші орында келе жатқан "Аль-Иттихадтан" екі ұпайға алда келеді.

Т. Раушанұлы