Өзбек бапкері Олимпиада чемпионын жұрт алдында жазалады

Өзбек бапкері Олимпиада чемпионын жұрт алдында жазалады
Фото: qalampir.uz

2020 жылғы Олимпиада ойындарында топ жарған өзбек боксшысы Баходир Джалолов оқу-жаттығу жиынына кешігіп келгені үшін құраманың бас жаттықтырушысы Тулкин Киличев тарапынан жұрт алдында жазаға ұшырады, - деп жазады qalampir.uz.

Баходир Джалолов көпшілік көзінше 30 рет кеудені жерден көтеру жаттығуын жасап айыбын орындап шықты. Ал бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерге жылдам тарап, жұрт назарына ілікті.

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы командадағы тәртіп пен боксшылардың уақытылы жаттығуға келуін қатаң қадағалайды. Қазіргі таңда команда Ташкентте өтетін Әлем чемпионатына белсенді түрде дайындалуда.

Айта кетейік, жуырда ғана Баходир Джалолов қазіргі қазақ-өзбек боксын салыстырып, өздерінің жоғары тұрғанын айтып сұхбат берген болатын. Боксшы 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия біріншілігін мысалға алған еді.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова