Тарихи жеңіс! Рыбакина Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты

Тарихи жеңіс! Рыбакина Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнда өтіп жатқан Australian Open – 2023 турнирінің жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда латвиялық спортшы Елена Остапенкодан айласын асырды. 

1 сағат  21  минутқа созылған ойында Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте-ақ жеңіп шықты. Бірінші сетте 6:2 есебімен басым түссе, екінші сетті 6:4 есебімен аяқтады. 

Жартылай финалда отандасымыз Джессика Пегула (АҚШ) және Виктория Азаренко (Беларусь) арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. 

Тарихи жетістік, Елена Рыбакина – Australian Open жарысының жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші. Өзінің мансабында да осы жарыстың жартылай финалына алғаш рет шығып отыр. Бұған дейін "Үлкен дулыға" санатына енетін "Уимблдон" жарысында топ жарған. 

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова