9,7 миллиард теңге. Роналду зәулім сарай салдырып жатыр

9,7 миллиард теңге. Роналду зәулім сарай салдырып жатыр
Фото: Instagram/cristiano

Футболдың португалиялық жұлдызы Криштиану Роналду суши жасайтын аспаз іздеп жатыр, - деп хабарлайды The Sun.

Мұндай азпаз футболшының Португалиядағы зәулім үйіне қажет екен. Бір қызығы Роналду қазір Сауд Арабиясында "Әл-Наср" командасында өнер көрсетіп жүр. 

Футболшы отанындағы 21 миллион доллар (9 миллирад теңге) тұратын жаңа үйін салып жатыр. 

"Зәулім сарай маусымда дайын болады, алайда онда керек қызметшінің барлығы түгел емес. Криштиану Роналду мен Джорджина португалиялық тағамдарды ғана емес, суши де жасай алатын аспаз іздеп жүр екен", - деп жазады басылым. 

Аспаздың еңбекақысы айына 4500 фунт стерлинг - теңгеге шаққанда 2,6 миллион.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек