Әлімханұлы кіммен жекпе-жекке түскісі келетінін айтты

Әлімханұлы кіммен жекпе-жекке түскісі келетінін айтты
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмақтағы чемпион мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке түсуді армандайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы Twitter-де кіммен жекпе-жекке түскісі келетінін жазған.

Әлімханұлының мүддесін қорғайтын Top Rank промоутерлік компания оқырмандарынан көп күтетін жекпе-жек туралы жазуын сұраған. 

Ал Әлімханұлы бұл жазбаға "Жәнібек пен Канело" деп пікір қалдырған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек