"Қазақстандық МакГрегор" Рахмоновтың ерекше қасиетін атады

"Қазақстандық МакГрегор" Рахмоновтың ерекше қасиетін атады
Фото: UFC

"Қазақстандық МакГрегор" деген атпен танымал NAIZA лигасының файтері Фаниль Рафиков (21-6) UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (16-0) туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Sports.ru порталына сілтеме жасап.

Ол Шавкаттың жан-жақтылығын атап өтті. 

"Шавкат жан-жақты спортшы, жүгіреді, жүзеді, бізбен футбол не баскетбол ойнап кетеді. Қандай болсын сынға құмар, бірдеңе істей алмайсың десең, саған қырсыққанан соны істеп береді", - дейді Рафиков. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек