Пелені өлімге әкелген ауру: тоқ ішек қатерлі ісігін уақытында қалай анықтауға болады

Пелені өлімге әкелген ауру: тоқ ішек қатерлі ісігін уақытында қалай анықтауға болады
Фото: onclinic.ua

Бұл қатерлі ісік түрі өте жасырын: ауру өте тез дамиды, бірақ соңғы сатысына дейін өзін көрсетпеуі мүмкін.

© sport.segodnya.ua

Футбол королі Пеле

Үүш рет (1958, 1962 және 1970 жылдары) әлем чемпионы атанған бразилиялық футболшы Пеле 82 жасында қайтыс болды. Кейінгі жылдары Пеле тік ішектің қатерлі ісігінен зардап шекті.

Пеленің өліміне "үдемелі қатерлі ісік салдарынан түрлі ағзаның істен шығуы" себеп болды, деп хабарлады бразилиялық G1 порталы.

Тоқ ішек қатерлі ісігі туралы не білу керек?

Кейбір адамдар бұл ауру тек 50 жастан асқан адамдарға қауіп төндіреді деп қателеседі. Шындығында, ол жиырма жаста да кездеседі.

Сондықтан денсаулығыңызды мұқият қадағалап отыру өте маңызды, емханада жүйелі түрде тексеруден өту керек.

© medicaturkhealthcare.com

Келесі белгілер тоқ ішектің қатерлі ісігін көрсетуі мүмкін:

• қан кету немесе нәжісте қан;

• кенеттен салмақ жоғалту;

• тұрақты әлсіздік пен шаршау сезімі;

• іштің жиі ауыруы;

• үлкен дәретке жиі бару немесе іш қату;

• жүрек айну немесе құсу.

"Ауру өте баяу дамуы мүмкін: кейбір адамдарда ісік жылдар бойы дамиды. Осындай бірте-бірте өзгерістерге байланысты адам денсаулығына үлкен қауіп төніп тұрғанына күмәнданбайды. Осы уақытта метастаздар ағзада, мысалы, бауырда немесе өкпеде пайда болуы мүмкін. Сондықтан барлық белгілерге өте мұқият болыңыз", - дейді дәрігер Нельсон.

Алдын алу үшін:

• Жаттығу: аптасына 3 рет кемінде 30 минут;

• Талшықты, жемістерді, көкөністерді және күрделі көмірсуларды көп жеу керек;

• Алкоголь мен темекіден бас тарту;

• Салмақты бақылау, өйткені семіздік қауіпті аурулардың негізгі одақтасы;

• Жыл сайын арнайы мамандардың тексеруінен өту;

• Суды көп ішу.

Т. Раушанұлы