Нұрсұлтанов Әлімханұлымен жекпе-жекке шығуы мүмкін бе?

Нұрсұлтанов Әлімханұлымен жекпе-жекке шығуы мүмкін бе?
Фото: ©instagram.com/meiirim.nursultanov/

Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBO International титулының иегері Мейірім Нұрсұлтанов Жәнібек Әлімханұлымен титулдық жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазір WBC рейтингінде жақсы жұмыс істеп жатырмын. Менің ойымша, дәл WBC-де әрі қарай жұмыс істеу дұрыс болады. Әлімханұлымен жекпе-жек? Менің ойымша, әзірге үміткер болмаймын, өйткені менеджеріміз бір. Көрейік, бірақ бұлай болмайды", - деді боксшы Qazsport-қа берген сұхбатында.

Еске салайық, 29 жастағы Нұрсұлтанов рингке қазанның басында аргентиналық Марсело Эстебан Косереспен шыққан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова