Роналду жаңа клубтағы алғашқы баспасөз мәслихатында ұятқа қалды

Роналду жаңа клубтағы алғашқы баспасөз мәслихатында ұятқа қалды
Фото: "Әл-Наср" ФК

Сауд Арабиясындағы "Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду таныстыру рәсімінде қай елге келгенін шатастырып алды, - деп хабарлайды Championat.com.

"Карьерам ОАР-да (Оңтүстік Африка Республикасы - авт.) жалғасатыны қорқынышты емес. Жұрттың бұл тақырыптағы пікірі мені қызықтырмайды", - деді спортшы баспасөз мәслихатында.

Роналдудың "Әл-Насрмен" келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған. Сондай-ақ португалиялықтың араб клубымен келісімшартында "Ньюкасл" Чемпиондар лигасына жолдама алса, Роналду ағылшын командасына жалға беріледі деген тармақ бары хабарланған.

"Әл-Насрға" дейін Роналду "Манчестер Юнайтедте" ойнаған, ол бұл клубтан 2022 жылы қарашада кетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш