"Қуат Хамитовтің есесін қайтара ма?" "Қазақстандық МакГрегор" белгілі чемпионмен айқасады

"Қуат Хамитовтің есесін қайтара ма?" "Қазақстандық МакГрегор" белгілі чемпионмен айқасады
Фото: ©Naiza FC

Қазақстандық файтер Фаниль Ноғай Рафиков әзербайжандық Нариман "Шыңғысхан" Аббасовпен жекпе-жекке шығатын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Аббасов - AMC Fight Night ұйымының бұрынғы чемпионы. Dana White Contender Series турнирінде ол UFC келісімшарт үшін Исмаэль Бонфимамен жұдырықтасты, алайда жеңіліп қалып, ең әйгілі промоушенге өте алмады. 

Айта кетейік, 2019 жылы Аббасов пен қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов AMC Fight Night белбеуін сарапқа салған болатын. Бұл жекпе-жекте қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен есе жіберді. 

Рафиков болса Naiza лигасының чемпионы болған. Кейінгі айқасында "Қазақстандық МакГрегор" атанып кеткен Фаниль бразилиялық Бонифаций Сильваны 23 секундта нокаутқа түсірген еді. 

Рафиков - Аббасов жекпе-жегі 2023 жылдың басында өтетін NAIZA 50 турниріне жоспарланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек