Жүкембаев пен Ахмедов жекпе-жектерін қайдан көруге болады?

Жүкембаев пен Ахмедов жекпе-жектерін қайдан көруге болады?
Фото: Eye Of The Tiger Managment©

24 желтоқсанда Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бокс кешінің басты айқастарының бірін қазақстандық Садриддин Ахмедов (12-0, 8 КО) пен Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) өткізеді.

Жекпе-жек Sadu Arena-да өтеді. Ал тартысты айқастарды Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен Астана уақытымен 18:30 бастап тамашалай аласыздар.

Еске салайық, Жүкембаев оңтүстік африкалық Холани Мкотелимен (19-7, 12 КО) WBC Asia белбеуін сарапқа салса, Ахмедов тағы бір оңтүстік африкалық Нкулулеко Мхлонгомен (23-10-1, 18 KO) қолғап түйістіреді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек