Фируза Шәріпова Танзания боксшысын жеңді

Фируза Шәріпова Танзания боксшысын жеңді
Фото: © instagram/sharipova_firuza

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова кәсіпқой рингтегі 15-жеңісіне қолжеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

23 желтоқсанда Фируза Шәріпова Челябіде өткен бокс кешіне қатысып, Танзания өкілі Фериче Машауриге қарсы рингке шықты.

Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, бүкіл раундқа созылды. Шәріпова төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша, жеңіске жетті.

Жекпе-жектен кейін спортшы қолдау көрсеткен отбасына, жанкүйерлері мен демеушілеріне алғысын білдірді.

Еске салайық, Фируза Шәріпова бір жылға жуық боксқа шықпаған еді. Ол алдыңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Кэти Тейлордан жеңіліп қалған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан