Сергей Морозов UFC-де үшінші рет жеңіске жетті

Сергей  Морозов UFC-де үшінші рет жеңіске жетті

Жеңіл салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Сергей Морозов UFC-де үшінші жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенбіде Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирінде 33 жастағы ақтөбелік америкалық Джурни Ньюсонға қарсы жекпе-жекте ивент кардын ашты. Үш раундқа созылған жекпе-жектте бірауыздан төрешілердің шешімімен Морозовтың жеңісімен аяқталды - 30-27, 29-28, 29-28.

Сергей үшін бұл жеңіс кәсіби мансабындағы 19-шы және UFC-дегі бес кездесуден кейінгі үшінші жетістік болды. Бұл АҚШ ұйымымен жаңа ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылғаннан кейін UFC-дегі Морозовтың алғашқы жекпе-жегі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина