Франция мен Марокко ойынынан кейін қақтығыста 14 жастағы бала қаза болды - БАҚ

Франция мен Марокко ойынынан кейін қақтығыста 14 жастағы бала қаза болды - БАҚ
Фото: championat.com

Франция құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/2 финалында Марокко ұлттық құрамасын 2-0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Championat

RMC Sport мәліметтері бойынша, Монпельеде жанкүйерлер қақтығысып, салдарынан 14 жастағы бала қаза болған. Бұған дейін де мұнда француздар мен этникалық марокколықтар арасында жаппай қақтығыс болып жатқаны белгілі болды.

Басылым мәліметінше, Франция жанкүйерлері отырған көлікке белгісіз адамдар келіп, терезеден шығып тұрған ұлттық команданың туын жұлып алған. Жүргізуші кенет орнынан қозғалып, 14 жастағы баланы қағып кеткен. Ол ауруханада алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Франция мен Аргентина командалары ойнайды. Ойын 18 желтоқсанда Лусаилда "Лусаил Айконик" стадионында өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова