Сенсация болмады. Әлем чемпионатының финалистері анықталды

Сенсация болмады. Әлем чемпионатының финалистері анықталды
Фото: Reuters

Франция құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Француздар Катардағы мундиальдің жартылай финалында Мароккомен кездесті. Ойын француздардың голымен басталды. 5-минутта Тео Эрнандес айып алаңындағы қарбалас сәтте дәл соққы жасай алды.

Артынша турнирдің басты сенсациясы марокколықтар жиі шабуылдады. Африкалық ұжымның есепті теңестіретін мүмкіндігі де болды, бірақ оны пайдалана алмады. 

Ал 79-минутта Рандаль Коло-Муани матчтегі екінші голды соғып, ойын нүктесін қойды. 2:0 - Франция құрамасы финалға жолдама алды.

Енді 18 желтоқсанда әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Франция құрамалары кездеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш